ХТО-НЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

БІЗ ҰСЫНАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР

  1. ХТО-ның төрелік және медиация қағидаларына сәйкес төрелік процесін жүзеге асыру. Бұл қағидалар жеделдетілген төрелік рәсімдерін, шұғыл төрешілерді тағайындау мен инвестициялық шарттар бойынша дауларды шешуге қатысты мәселелерді қамтиды;
  2. БҰҰ халықаралық сауда құқығы жөніндегі төрелік регламентіне (ЮНСИТРАЛ) немесе тараптар келіскен арнайы төрелік регламентіне сәйкес төрелік процесін жүзеге асыру;
  3. ХТО-ның төрелік және медиация қағидаларына немесе тараптар келіскен арнайы төрелік регламентіне сәйкес медиация жүргізу;
  4. Дауды баламалы шешудің басқа да түрлерін ұсыну.
  5. ХТО төрешілердің ақысын төлеуге, сондай-ақ ХТО-ның қызметтер көрсетуі және әкімшілік объектілерді күтіп ұстаумен байланысты тиісті шығындарды өтеу үшін төленген алдын ала төлем сомаларын жинақтау және бөлуге арналған қаражаттың сақталуын қамтамасыз етеді.
  6. ХТО тағайындау органы болып табылады, ол ХТО-да немесе басқа жерлерде өткізілетін төреліктер мен медиациялар үшін өз командасынан төрешілер мен медиаторларды тағайындауды ұсынады.
  7. ХТО Нұр-Сұлтан ЭКСПО-2017 аумағында орналасатын «ХТО палаталарында» ең үздік IТ-жүйемен жарақтандырылған, мәжіліс залдары, отырыстар мен тыңдау залдары бар, тұрақты жұмыс істейтін әкімшілік объектілеріне иелік етеді.