Бұрынғы Төрайымы

Барбара Доманн KC
Бұрынғы ХТО Төрайымы

Барбара Доманн ұзақ жылдардан бері коммерциялық құқық саласындағы жетекші баррристер және халықаралық төреші.

Ол 1973 жылы Англия мен Уэльстің Адвокаттар алқасына қабылданып,  1987 жылы Корольдік барристер болып тағайындалды. Ол Лондонның Халықаралық төрелік сотының (LCIA) мүшесі. Б.Доманн ханым LCIA-да,  Лондондағы Металдар биржасында (мұнда ол Төрелік және төрелік апелляция жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылады), Париждегі Халықаралық сауда палатасында және Гонконгтағы Халықаралықт өрелік орталығында  төреші болып тағайындалды. Ол CEDR аккредиттеген медиатор болып табылады.

Оның төрелік тәжірибесі халықаралық бірлескен кәсіпорындар, металл саудасы, мұнай мен газ саудасы, Солтүстік теңізде мұнай ұңғымаларын бұрғылау келісімшарттары, экипажсыз кемелерді жалдау шарттарын түсіндіру, кемелерді ерекше шарттармен жалдау шарттарының болжамды бұзушылықтары, меншік, зияткерлік меншік, құрылыс, трасттар, тауар саудасы, отбасылық қорлар, акционерлердің даулары, компаниялардың бірігуі және қосып алулар, халықаралық спорттық іс-шаралар, БАҚ және ойын-сауық, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру сияқты мәселелер бойынша дауларды шешуді қамтиды.

Ол Бермуд, Гибралтар, Сингапур, Бруней, Гранд-Кайман, Багам аралдары және Британ Виргин аралдары сияқты елдердегі ірі коммерциялық даулар бойынша шетелдік соттарға қатысуда үлкен тәжірибеге ие. Ол Британдық Виргин аралдары Адвокаттар қауымдастығының мүшесі.

Ол АҚШ, Ирландия, Франция, Германия, Австрия және Дубайдағы соттарда ағылшын заңнамасы бойынша сарапшылық айғақтар ұсынған.

Ол 1987 жылдан бастап 2001 жылға дейін хаттамашы, 1994 жылдан бастап 2002 жылға дейін Жоғарғы сот судьясының , 2007 жылдан 2017 жылға дейін Катардағы қаржы орталығының халықаралық соты судьясының орынбасары болды.

1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін Коммерциялық адвокаттар қауымдастығының төрайымы және 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін Еуропа лигасының (European Circuit) көшбасшысы болды. Ол Лондон металл биржасының Арнайы комитетінің, Халықаралық сот ісін жүргізу құқығы жөніндегі Лорд-канцлердің консультативтік комитетінің, Халықаралық сот ісін жүргізу құқығының ғылыми қоғамдастығының және Германия Заңгерлер қауымдастығының мүшесі.

Ол Майнц (Германия) және Сорбонна (Франция) университеттерінде, сондай-ақ барристерлер даярлайтын британдық мектепте білім алған. Ол ағылшын, неміс, француз және испан тілдерін меңгерген.