Бағдар, Миссия және Мақсаттар

БАҒДАР:

Еуразиядағы төрелік және дауларды баламалы шешудің басқа да әдістері арқылы азаматтық және коммерциялық дауларды шешуге арналған бірінші таңдау болу.

МИССИЯ:

ХТО азаматтық және коммерциялық дауларды жедел реттеу үшін халықаралық бизнестің талаптарына сай келетін сенімділік, әділеттілік және қолжетімділікпен, заңның ұлықтығы қағидатының мүлтіксіз қолданылуымен сипатталатын төрелік пен дауларды баламалы шешудің толық тәуелсіз жүйесін құрады және дамытады.

МАҚСАТТАР:

  1. ХТО-ның Төрелік және медиация қағидаларына немесе тараптар келіскен арнайы төрелік регламентіне сәйкес төрелік, медиация және дауларды баламалы шешудің басқа да әдістері арқылы ұлттық және халықаралық коммерциялық дауларды шешуге арналған әлемдік деңгейдегі қызметтер ұсыну;
  2. АХҚО-да, Қазақстанда, Еуразия өңірінде және бүкіл әлемде әкімшілік ету мен дауларды шешу жүйесінің қолжетімділігіне сенімділікті арттыру арқылы өңірлік сауданың өсуіне жәрдемдесу;
  3. Инновациялық және технологиялық тұрғыда дамыған халықаралық төрелік орталығы болу және үнемі жұмыс процестері мен стандарттарын жетілдіруге ұмтылу;
  4. Қазақстандағы, Еуразия өңіріндегі және басқа, әсіресе, Қазақстан тығыз сауда байланыстары бар юрисдикциялардағы өзге де халықаралық төрелік орталықтарымен ынтымақтасу және іскери қарым-қатынастар орнату;
  5. Әр түрлі конференциялар, симпозиумдарға қатысу, семинарлар, оқыту курстары, мамандандырылған басылымдар мен баспа материалдарын дайындау арқылы дауларды баламалы шешудің әдістері туралы білімді арттыру.