ҮЛГІЛІК ЕСКЕРТПЕЛЕР

ҮЛГІЛІК ТӨРЕЛІК ЕСКЕРТПЕ/ҮЛГІЛІК ТӨРЕЛІК КЕЛІСІМ

«Осы келісімнен туындайтын немесе оған байланысты шарттық немесе шарттан тыс сипаттағы кез келген дау оның бар болуына, шындыққа немесе тоқтатылуына қатысты кез келген қайшылықтар немесе талаптар «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) жүргізетін төрелік талқылау шеңберінде қарауға беріледі және ХТО тіркеушісіне төрелік талқылау туралы өтініш беру күніне қолданылатын және осы тармақтың/келісімнің ажырамас бөлігін құрайтын ХТО төрелік және медиация ережелеріне сәйкес түпкілікті шешіледі».

ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР:

[Тараптар оны тараптардың нақты мән-жайларына сәйкес келтіру мақсатында осы тармаққа өзгерістерді еркін енгізе алады. Тараптар төрелік ескертпеде сондай-ақ келесіні көрсете алады]:

1. ТӨРЕШІЛЕРДІ ТАҒАЙЫНДАУ

Төрешілер саны болуы тиіс [бір / үш].

[Жеке төреші тағайындалған жағдайда: Төреші тараптардың келісімі бойынша тағайындалады. Егер тараптар [ХТО тіркеушісі тараптарға хабарлаған басталу күнінен бастап] [10]* күн ішінде төрешіні тағайындау туралы уағдаласпаса, тараптардың бірінің өтініші бойынша төрешіні ХТО Төрағасы тағайындайды.]

-немесе-

[Үш төрешіден төрелік сот құрылған жағдайда: тараптардың әрқайсысы (немесе бірлескен тараптар, екі тараптан артық болған жағдайда) [ХТО тіркеушісі тараптарға хабарлаған басталу күнінен бастап] [10] күн ішінде төрешіні тағайындайды. Тараптар тағайындаған төрешілер, тараптар келісімі бойынша төрағалық етуші төрешіні [20] күннен кейін  кешіктірмей тағайындайды. Егер осы уақытқа қарай төрешілер (төрағалық етуші төрешіні қоса алғанда) тағайындалмаса, онда тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша ХТО Төрағасы қалған төрешіні (-лерді) тағайындайды.]

2. ТӨРЕЛІК ТАЛҚЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ ОРНЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ

Төрелік жүргізу орны [АХҚО, Астана, Қазақстан] болып саналады. Төрелік талқылау жүргізілетін жерде қолданылатын заңнама төрелік талқылауды реттейтін қолданылатын құқық болып табылады.

3. ТӨРЕЛІК ТАЛҚЫЛАУ ТІЛІ

Төрелік талқылау тілі [таңдалған тілді енгізіңіз] болып табылады.

4. КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҒЫ

Осы келісімнің ережелерін реттейтін [елді көрсету] материалдық құқық болып табылады . ***

5. ТӨРЕШІЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІ

Төрешілердің келесі біліктілігі болуы тиіс: ****

[белгілі бір ұлты өкілі болуы/болмауы]

[Кәсіби біліктілігінің болуы, мысалы, заңгер болуы, мұнай-газ саласында/құрылыс/басқа салада жұмыс тәжірибесінің болуы, бухгалтер, инженер болуы және т. б.]

[Төрелік талқылау тілін еркін меңгеруі]

Жазбалар:

* Тараптар осы мерзімдерді өзгертуге келісе алады.

** Басталу күні ХТО 2022 ж. Төрелік және медиация ережелерінің 4.7-бабына сәйкес анықталады.

*** Шартта қолданылатын құқық туралы ереже болмаған жағдайда пайдалану үшін.

**** ХТО 2022 ж. Төрелік және медиация ережелерінің 8.5 бабын қараңыз.

Келісімнің тараптары келісімді тұтастай тоқтатқан, одан бас тартқан, ол жарамсыз болған, мерзімі аяқталған немесе оны орындау мүмкін емес жағдайда осы төрелік ескертпенің өз күшін сақтайтындығы туралы ескертудің келісімде болуын қамтамасыз етуі тиіс.

МЕДИАЦИЯ ЖӘНЕ ТӨРЕЛІК ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ЕСКЕРТПЕ

«Осы келісімнен немесе оған байланысты туындайтын шарттық немесе шарттан тыс сипаттағы кез келген дау, оның бар болуына, шындыққа немесе тоқтатылуына қатысты кез келген мәселені қоса алғанда, алдымен 2022 жылғы ХТО Төрелік және медиация ережелеріне сәйкес АХҚО Халықаралық төрелік орталығында («ХТО»)өткізілетін медиация шеңберінде қарауға берілуі мүмкін. Дау медиация жолымен шешілмеген жағдайда, тараптар дауды ХТО-дағы төреліктің қарауына жібереді. Бұл жағдайда, [ХТО үлгілік төрелік ескертпесінің мәтінін енгізу]. »

ХТО Үлгілік ескертпелері — Ағылшынша, Қазақша, Орысша