ХТО ҒИМАРАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕҢСЕЛЕР

ХТО ҒИМАРАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕҢСЕЛЕР

Астанада (Қазақстан) орналасқан ХТО арбитраж тыңдауларына арналған залы көпарналы бейнеконференция және аудиожүйелермен, сондай-ақ тараптарға арналған жылжымалы мониторлармен жабдықталған. Бұл залда электрондық дәлелдемелерді пайдалану, құжаттарды сканерлеу және онлайн трансляциялау мүмкіндіктері бар. Арбитраж тыңдаулары мен кездесулерді үлкен экрандардан көруге болады. Қажет болған жағдайда кез келген тілге кәсіби синхронды аударма қызметі ұсынылады.

ХТО сондай-ақ Қазақстандағы Алматы қаласында және Еуразиядағы іскерлік байланыстар орнаған, Қазақстанмен байланысты даулар туындайтын сегіз елде әлемдік деңгейдегі кеңселер мен заманауи цифрлық технологияларға ие. Бұл елдерге мыналар жатады: Армения (Ереван), Әзірбайжан (Баку), Грузия (Тбилиси), Қырғызстан (Бішкек), Тәжікстан (Душанбе), Түркия (Ыстамбұл), Түрікменстан (Ашхабад) және Өзбекстан (Ташкент).

ХТО бұл елдерде, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша 1958 жылғы «Шетелдік төрелік шешімдерді тану және орындау туралы» Нью-Йорк конвенциясына сәйкес, өзінің төрелік шешімдерін орындау туралы келісімдерге ие.